Текст

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!
Бұл сайттың көмегімен біз, білім саласы бойынша қарым-қатынасқа түсеміз. Сонымен қатар біздің сайтқа келушілер мектеп жаңалықтарын біліп, тыныс-тіршілігімен танысады. Бұл қарым-қатынас қызықты және пайдалы болатынына біз сенеміз!
Құрметпен Айдарлы ауылының негізгі орта мектебінің директоры Жылкыбаева Айгуль Толкынбековна.
10.10.2025
Күзгі асар жәрмеңкесі
Бүгін мектебімізде "Күзгі асар жәрмеңкесі" өткізілді. Оқушылар мен ата-аналар қолдан жасалынған әртүрлі тағамдарды әкеліп, сауда саттық жүргізді.
Жауапты: Рахматулина К.М.
17.09.2025
"Кішкентай ару" байқауы
Айдарлы ауылының 2-сынып оқушысы Тасымова Алина "Кішкентай ару" аудандық байқауына қатысып, диплом мен сыйлықпен марапатталды.
Құтты болсын!
Жетекшісі: Рахматулина К.М.
05.09.2025
1 қыркүйек - Білім Күні
1 қыркүйек күні мектебімізде Білім Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Биыл 1 сыныпқа 6 оқушы қабылданды. Мектеп директоры Жылкыбаева А.Т. құттықтап, демейшілік қорынан сыйлықтар сыйлады.
13.06.2025
Сәт сапар, жас түлек!
9-сынып оқушылары қорытынды аттестаттау бойынша емтихандарын жақсы тапсырып, негізгі орта білім туралы аттестаттарын қолдарына алды. Сәт сапар тілейміз!
10.06.2025
Қорытынды аттестаттау. Орыс тілі мен әдебиеті
9-сынып оқушылары қорытынды аттестаттау бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінен соңғы емтихан тапсырды. Оқушылар жауапкершілікпен қарап, емтиханнан жақсы бағаларын алды.
Пән мұғалімі: Жылкыбаева А.Т.
05.06.2025
Қорытынды аттестаттау. Таңдау пәні
9-сынып оқушылары қорытынды аттестаттау бойынша таңдау емтихандарын тапсырды. 3 оқушы география пәнінен, 1 оқушы - ағылшын тілі, 1 оқушы - Қазақстан тарихы пәндерін таңдап, жазбаша емтихан тапсырды.
02.06.2025
Қорытынды аттестаттау. Қазақ тілі
9-сынып оқушылары қорытынды аттестаттау бойынша қазақ тілі пәнінен жазбаша емтихан тапсырды. Оқушылар эссе жазып, мәтін бойынша тапсырмалар орындады.
Пән мұғалімі: Курмангожина Ж.В.
29.05.2025
Қорытынды аттестаттау. Алгебра
9-сынып оқушылары қорытынды аттестаттау бойынша алгебра пәнінен бірінші емтихан тапсырды. Оқушылар жауапкершілікпен дайындалып, жақсы бағалар алды. Құттықтаймыз!
Пән мұғалімі: Айдосова А.К.
24.05.2025
Оқу жылының аяқталуы
23 мамыр оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. 9-сынып, мектеп түлектері мектеп бітіріп, жаңа өмірге қадам басып жатыр. Сәт-сапар, ақ жол тілейміз!
14.05.2025
Эссе "Заң және тәртіп"
Мектеп оқушылары 25 мамыр қарсанында "Заң және тәртіп" тақырыбына эссе жазды.
Өткізген: Курмангожина Ж.В.