"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп. 2024 жыл

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп. 2024 жыл

 

  1. Жалпы ережелер

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы Айдарлы ауылы, Орталық көшесі, 26 -үй.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2024 жылға мектеп 9 қызмет көрсетті;

электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсетілді  – 3 қызмет;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 6 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

«Денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау».

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау».

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру».

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау».

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау».

«Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау».

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

   Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

   Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған: http://sc0036.zerenda.aqmoedu.kz/ «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

   Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.

   Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

   Ай сайын халықты көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мектепке дейінгі, орта білім берудің барлық ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады; (қызмет қағаз және электронды түрде тегін көрсетіледі) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде көрсетіледі);

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мектеп фойесінде орналасқан стендте орналасқан. 2024 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстан өтті.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

     2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

     Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

     2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

    

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

    Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

   2025 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғасатын болады.

 

 

 

    Мектеп директоры                                                              Жылкыбаева А.Т.

Жаңартылған күні: 28.02.2025 15:15
Құрылған күні: 28.02.2025 15:15

Текст