Текст
17.12.2024
"Ақбота" марафоны
2-3 сынып оқушылары Жұмабай Назерке және Еркін Альтаир жалпы білім беретін мектептерге арналған "Ақбота" зияткерлік олимпидасына қатысып, жүлделі ІІ және ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды.
Жетекшісі: Торсанова Рашида Кайрхановна
28.11.2024
Ақмола облысының тарихи-өлкетану музейі
5-7 сынып оқушылары Ақмола облысы тарихи-өлкетану музейінің қонақтары болды, "Отырар - ғасырлар тоғысында" көрмесін тамашалады
05.11.2024
Аудандық мектеп мұражайы байқауында "Мектеп мұражайының үздік жетекшісі" номинациясы бойынша ІІІ орын иеленгені үшін 5 сынып оқушысы Жасұлан Айзада марапатталады. Жетекшісі: Капышева Асем Маратхановна
24.10.2024
"Алтын сақа"
4, 5 және 6 сынып оқушылар "Алтын сақа" олимпиадасында мектепішілік кезеңде І, ІІ, ІІІ орындар алып, аудандық кезеңге өтті. Құттықтаймыз!
23.10.2024
9 сынып оқушысы Кенжебулат Ясмин, "Ауыл олимпиадасы" бойынша биология пәнінен аудандық кезеңде қатысқаны үшін сертификатқа ие болды
10.10.2024
Тілдер онкүндігі. Айдарлы ауылының негізгі орта мектебінде 05.09 - 17.09.2024ж күндер аралығында "Тілдер онкүндігі" өткізілді. Жоспар құрылып, жоспарға сәйкес әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп, барлық оқушылар белсенді қатысты. Келесі дүйсенбі күні барлық сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.
02.10.2024
Кітапхаға жаңа келіп түскен әдебиеттермен оқушыларды таныстыру
30.05.2024
Қазақ тілінен аралық емтихан
5-8 сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен аралық емтихандар өтті.
13.05.2024
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің 4- сынып оқушылары "Кенгуру - математика барлығы үшін" халықаралық ойын конкурсына қатысып ll - lll дәрежелі дипломдар мен сертификаттарға иеленді. Жетекшісі: Бекжанова С.А.
30.04.2024
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Торсанова Жанерке 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалардың аудандық кезеңінде ІІ орын алып, дипломмен марапатталды. Жетекшісі Айдосова А.К.