"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

родной язык нация судьбы

05.12.2017

«АНА

ТІЛІ – ҰЛТ ТАҒДЫРЫ»

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан

халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Патриотизммен тығыз

байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік

тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді дәл сондай нышан. Және

ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс», - деп оның қоғам өміріндегі орны

мен рөлін, қадір-қасиетін айрықша атап көрсетті.

«Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп

түсініп, мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі қолданысы, мемлекеттік басқару

жүйесіндегі қызметі, оның бүгіні мен болашағына толғанатын қауымның тіл

мәселесіне ерекше назар аударып отырғаны анық.

Тіл - әрбір халықтың дербес ұлт

екендігінің бірден-бір айқын куәсі. Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік – ана

тілден бастау алдаы. Тілін білмеген тарихын білмейді, тарихын білмеген соң,

салт-дәстүрін білмейді, салт-дәстүрін білмегесін, мәдениетімзідді білмейді.

Осыдан барып тұла бойында ұлттық рухын сыйлаудан алшақтап, отаншылдық сезімі

орнықсызданады.

Тіл туралы ұлы жазушы М.Әуезов:

«Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барамын десе де, ең алдымен

өзінің ана тілін, ана тілі әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп

табалдырығын аттаған соң да, мамандық білім беретін жоғары мектепке ауысқанда

да асыл қасиетіндей сақтауы керек»-дегенді.

Жиырмасыншы жылдары тіл

тәуелсіздігін ту етіп көтерген Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,

М.Жұмабаев , М.Әуезов сынды ағаларымыздың көбі басы байлауда, аяғы бұғауда

кетті. Ана тіліне қамқорлық жасау, оны қолдану ең алдымен елдің болашағы бізге

– жастарға жүктеледі.

Тіл бізге ана сүтімізбен бірге

сіңеді. Сондықтан ана тілімізді құрметтеуіміз керек. Тілді дамыту - әрбір

мемелкет үшін аса маңызды мәселе. Мемлекеттік тіл – халқымыздың рухани, мәдени

бірлігінің көзі. Ұлттық және елдік бірлікті қалыптастырушы екені айдан анық.

Тіл – қатынас құралы ғана емес,

халықтың тәжірбиесі жинақталған мол қазынасы, мұрасы . Ұлттық тіл – ұлттық

философияның қайнар көзі. Оған – қазақтың нақыл сөздері мен

мақал-мәтелдеріндегі философиялық ой негізі бола алады. Ата бабаларымыз ауыз

әдебиеті арқылы артына қаншама мол мұра қалдырып кетті. Соны ұлттық тіл арқылы

жеткізбесе, не арқылы жеткізеді? Ұлттық тіл сақталмаса, ұлттық тарихымызды кім

шынайы жазып береді?

Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік

деген ұғыммен тікілей байланысты. Тілде жоқ тәуелсіздік – елде де жоқ.

«Тіл – ұлттың дүниесі. Тіл –

идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі» - деп Л.Н.Толстой дәл айтқан.

Просмотров: 436

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст