"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Айдарлы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Kоммунальное государственное учреждение  "Основная средняя школа села Айдарлы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі.

01.03.2017

Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі.

               Тәрбие – тәртіптің құлы деп

Бауыржан Момышұлы айтқандай

 

      Тәрбие -  халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі

қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, балалардың қоршаған ортадағы

қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі

мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,

ар-ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы

оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің ролі зор. Мектептегі басты тұлға

ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының

жүрегіне жол тауып, оларды тәлім - тәрбиемен сусындату болып табылады. Оқушыға

әрдайым сын көзбен қарап, пікір айта білсек, талап қойып, болашаққа ұмтылуға

сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз. Сондай-ақ оқушының қоршаған

ортасы, дос- жарандары, құрбы құрдастары иманды, адамгершілігі мол, ізгілікті,

елжанды болуы керек. Әрбір баланың бойында еліктеушілік басым келеді, сондықтан

әрдайым баланың жанында жүрген жеткіншектерге назар аударуымыз керек. Жалпы

мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық, патриоттық,

экологиялық, саяси бағыттарды ұстанамыз.

Просмотров: 671

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст